Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 18 сәуір. Baq.kz — ҚР Сенаты Парламент Мәжілісі мақұлдаған Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы Келісімді ратификациялады.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысы барысында Парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қарулы күштерінің мүддесі үшін әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы біріккен жұмыстар бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру туралы» заң жобасын қабылдады.

Келісімнің мақсаты — келісімге қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерін заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтау бойынша әскери-техникалық ынтымақтастықты әрі қарай тұрақты дамытуды қамтамасыз ету және әскери мақсаттағы өнімдердің жеткізілімін жеделдету болып табылады.

BNews.kz

Рубрика: