Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Американың психиатрлар қауымдастығы селфиге құмарлық — психологиялық ауытқушылық екендігін ресми түрде растады. Бұл туралы шетелдік БАҚ жазады. Қауымдастық Чикаго қаласында жаңа selfies дертінің даму сатыларын жіктеп көрсетті.

Психиатрлардың пікірінше, selfies дерті өзін суретке түсіруге әсіре әуестік пен сол суретті әлеуметтік желіге қоюға құмарлықтың шектенасқан көрінісі ретінде сипатталады. Адамдар бұндай қадамға өзіне деген құрметтің жетіспеушілігінен, өзін жеткілікті деңгейде бағалай алмағандықтан баратын көрінеді.

Айта кетейік, селфи — өзін өзі фотоға түсіру немесе фотоавтопортрет ұғымын береді. Бұл сөз қоғамда 2000 жылдары ене бастап, ұялы телефондардағы суретке түсіру тетіктері дамыған 2010 жылдары кеңінен таралды. Қазіргі таңда бұған құмар жастардың саны әлемнің түкпір-түкпірінде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаулап келеді.

Ғалымдар ауытқушылықтың үш деңгейін атап көрсетеді:

Бірінші — адам өзін тәулігіне кемінде үш рет суретке түсіреді, бірақ оны әлеуметтік желіге салмайды.

Екіншісі — асқына бастаған шағы, адам өзін тәулігіне кемінде үш рет суретке түсіреді және оларды әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларына міндетті түрде қояды.

Үшіншісі — асқынған түрі, адам ылғи да өзін фотоға түсіріп, суреттерін әлеуметтік желіге қойғысы келіп тұрады. Ондай адамдар күніне 6 рет «селфи» ауыстырады екен.

Бір өкініштісі, қазіргі таңда бұл дерттен емделудің жолдары қарастырылмапты. Бұл құмарлықтан құтылу үшін жай ғана ұялы телефон ұстаудан бас тарту керек екен. Бірақ, біздің ақпараттық қоғамда бір күн қоғаммен «байланыссыз» жүру мүмкін бе? Әрине, бұл жағдайды одан әрі қиындата түседі.

Казыкенова Айнур

 http://aikyn.kz/articles/view/52647

Рубрика: