АЛТЫНОРДА
Новости

Сауд Арабиясында бас шабуды ату жазасымен ауыстыруы мүмкін

АСТАНА. 11 наурыз. Baq.kz — Сауд Арабиясында бас шабу арқылы өлім жазасына кесу туралы мәселені талқыға салатын арнайы үкіметаралық комиссия құрылды. Бұл туралы rbc.ru мәлімдеп отыр.  

 

Құрамына ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктері, прокуратура, қауіпсіздік қызметтерінің өкілдері кіретін комиссия мәселені оңтайлы шешетін болса, бас шабу ату жазасымен ауыстырылуы ықтимал.

ІІМ Провинциялар губернаторларына мәселе нақты шешімін тапқанынша, бас шабуды қойып, атуға көшуді ұсынып отыр.

Прокуратура өз тараптарынан егер үкімде ең қатал жазалау шарасының тәсілі көрсетілмесе, өлім жазасының қандай тәсілін қолдану керектігін губернатордың өзі шешеді деп отыр.

Бұған дейін Сауд Арабиясында ату жазасы Халил қаласында өз күйеуін өлтірген әйелге қолданылған болатын.

http://baq.kz/news/24525