Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Сақалды қыздың образы жұртты шошыттыДания астанасы Копенгагенде өткен «Евровидение-2014» әншілер байқауында австриялық сақалды әйел Кончита Вурстің «Rise like a Phoenix» әнімен бас жүлдені иемденгені ақпарат құралдарын шулатуда. Себебі, оның образы біраз тыңдарманға негативті әсер еткен көрінеді.

Байқаудың ақтық кезеңіне Ресей, Украина, Беларусь, Әзербайжан, Исландия, Норвегия, Румыния, Армения, Польша, Греция, Германия, Швеция, Франция, Ұлыбритания, Венгрия сынды бірқатар елдердің әншілері жолдама алған болатын. Алайда, әділқазы алқасы сақалды қызды бас жүлдеге лайық деп танығанмен, олардың бұл шешіміне қарсы адамдар да табылып жатты. Әсіресе, байқау жеңімпазының образы әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, кері баға берушілердің қатары көбейген. Ал бүгін ресейлік әнші Филипп Киркоров әншінің орындау шеберлігі өте жоғары болғандығы туралы айтып, оның образында тұрған ештеңе жоқ дегенді жеткізді.

Кончита Вурст – экстравагантты музыкалық трансвестит-орындаушы. Ол бірнеше жылдан бері сақалды әнші образында өнер көрсетіп келеді. Кончита оның лақап аты. Әншінің шын есімі – Том Нойвирт. Оған сақалды әнші образы жасөспірім кезінде келген екен. Өз сөзіне сенсек, бала кезінде кемсітушілікке көп бой алдырған көрінеді. Сондықтан да ол Кончита Вурст образын төзімділікті қорғау мен қабылдау деп есептейді.

Алайда, қызбалаға мұндай образ қаншалықты жарасымды екен? Онсыз да бір жыныстылар үйленіп жатқан азғындаған қоғамда мұның керегі бар ма? Әлде, осы образы арқылы көпшіліктің есінде қалуды көксей ме? Қалай болғанда да, Кончитаның образына сүйсінуден гөрі, жерінгендер көп болғанын айта кеткен жөн.

Биылғы «Евровидение» байқауына 26 мемлекеттің әншісі қатысты. 1956 жылы алғаш Швейцарияда өткен әншілердің дәстүрлі халықаралық байқауында әр жылдары Селин Дион, Тото Кутуньо сынды күміс көмей әншілер топ жарған. Ең қызығы, байқаудың бүкіл тарихында ресейліктер тек бір-ақ рет бас жүлде алыпты. Атап айтсақ, 2008 жылы Дима Билан «Believe» әнімен гран-при иегері атанған еді. Бұл жолы Ресейдің атынан шыққан апалы-сіңлілі Толмачевалар алғашқы ондыққа ғана іліккен. Ал келесі «Евровидение-2015» Вена қаласында өтпек.

 

http://www.turkystan.kz/kz/articles/view/48781

 

 

Рубрика: