Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Талас Омарбеков: «Абылайды үш жүздің ханы еткен — Төле би мен Қазыбек би». Болатбек Нәсеновтің «Абылай хан» кітабынан, 733 бет)

Профессор Болатбек Нәсеновтың «Абылай хан» деген мұрағаттық жинағының 734 бетінде Талас Омарбеков «Абылайды (Әбілмансұр) Төле бидің туысы Сеңкібайдың ұлы Қарабайдан туыпты» дейді. Екі жасар баланы Төле би Көркем Уәлиге апарып беріпті. Төле бидің Көркем Уәлиге жаны ашыса неге өз баласын бермейді? Кейін 11-12 жасында әке-шешесі өлгеннен кейін, Төле би іздеп барып баланы алып қайтады. Сонда туған әке-шешесінің қолында екіге толғанша болған  баланың есімі қойылмаған ба? 11-12-ге келген бала неге өз есімін білмейді? Төле биден баланың туған ата-анасы сұрап келсе бермей қойыпты. Неге? Абылайдың болашақта хан болатынын білген бе? Төле би баласыз емес еді,  неге өз баласын хандыққа тәрбиелемеген? Төле би адам танитынын айтып, «Баланың көзінен от шашып тұрғанын көріп, одан бірдеңе шығатынын, дұрыс тәрбие берсе, түбінде үлкен азамат болатынын байқайды» дейді де,  Сабалаққа түйе баққызып қояды. Құрметті профессор мырза, тәрбиенің тәуірі түйе баққан болса сен неге түйе бағып тәрбие алмадың? «Ауызша айтылған аңыз әңгіме, ертегіге сенбеймін» дейтінің қайда?

Күні бойы түйе бағып жүрген Сабалақ Төле биге келген елшілермен әңгіме дүкен құрып жүріп, бірнеше тілді үйреніп алған дейсің. Сонда түйені кім баққан? Төле бидің өз балалары баққан ба? Жарайды, бұл үш ғасыр бұрынғы әңгіме болсын.

Профессор мырза!

Хан төрелер бірін-бірі өлтіре бергеннен кейін «Төле би мен Қазыбек би келісіп «қулық» жасап, Сабалақты Әбілмәмбеттің бауырына салып бауыр етіп беріпті» дейсің. Абай атамыз айтқандай «өзінде ес болсайшы сезед деген». Не деген сұмдық! «Төле би мен Қазыбек би жымысқылық істеді» деп жала жауып, Шыңғысханды қазақ деп таласқандай, Абылайды қазақ деп таласқыларың келіп жүр ме? Сеңкібайдың ұлы Қарабай, Жиренше шешеннің шөбересі Аршын білмеу үшін оларды өлтіріп тастадың ба? Іштен шыққан шұбар жыланды әке-шеше ұмыта ала ма? Ізін аңдумен өмірін өткізеді емес пе? Ал сен, құрметті профессор, Сабалақты «Аңырақай» шайқасына қатыстырып Сабалаққа жауға шапқанда «Абылайлап» шап деп үйретті дейсің. Қалай, қалай қиыстырасың. «Аңырақай» шайқасына Сабалақ қатысқан жоқ. 1733 жылғы соғыста Шарышты жекпе-жекте өлтіріп, өз әкесінің кім екенін білетін Сабалақ «Абылайлап» ұрандап шапқанын сен екеуміз тумай тұрғанда кәрі тарих жазған. Бүгін келіп Төле би мен Қазыбек бидің ойлап тапқан қулығы дейсің. Әбілмәмбеттің бауырына әкеліп салған Сабалақты қайтадан әкеліп «Аңырақайда» кездестіріп бірін-бірі жаңа көргендей «ой, бауырымдатып» құшақтастырасың.

Тарихта «Аңырақай» шайқасында  ұлы хан Болат өз ажалынан өлгеннен кейін соғыс жағдайында Әбілмәбетті Қазыбек би мен Төле би ұлы хандыққа сайлатты. Төле би де, Қазыбек би де өздерін хан сайлатып жіберсе Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, Нияз, (Түркістанды билеген Нияз батыр) Наурызбай батырлар қолдаса төре тұқымдарынан бас көтерер батыр жоғын білесің. Әз Тәукеден Абылайға дейін бас көтерер хан да болған жоқ. Шыңғыс хан тіріліп келіп, бұларың қалай демес еді. Бас қолбасшы болған Әбілхайыр «ұлы хандықты бермедің» деп өкпелемес те еді. (сатқындық жасаса қалмақ жағына өтіп кетер еді. Сондықтан ол сатқын емес. Ұлы хандықтан дәмелі еді) Соғыс майданын тастап кетті. Ортақ жауды індетіп болғаннан кейін-ақ өкпелегенде болатын еді. Талағы тарс кетті. Шындығында, Әбілмәмбеттен әлдеқайда мықты хан болатын еді. Тым өзімшіл Әбілхайырдан екі би сескенді.

Абылай Атығай-Қарауылға сұлтан болып, 1735 жылы Әбілмәмбет ұлы ханмын деп Түркістанға көшкенде Абылайды Орта жүзге хан сайлады. Сол атақпен 1771 жылға дейін жүріп, Әбілмәмбет өлгенде ұлы хан сайланды. Абылай Ресей бекітпеді деп қайғырған жоқ. Сен айтқандай «ашаршылықтан саяси мән іздемейік» дегендей бұл ауыс-түйістен саяси мән іздеген ресейліктерге бодан болып бас иген жоқ.

Abai.kz

Рубрика: