Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Сабина Алтынбекова сағат жарнамасына түсті (фото)Сұлулығымен дүйім жұртты таңдандырған қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова швейцариялық «Ernest Borel» сағатының жарнамасына түсті. Мұны Қытайдың on.cc cайты жариялаған фотосуреттерден байқауға болады.

Қытайлық ақпарат құралының хабарлауынша, «Ernest Borel» сағатының құны шамамен 10 мың АҚШ долларын құрайды екен. «Әулие Валентин күні» қарсаңында «аспан асты елінің» ірі сауда орындарына аталған сағаттың 999 данасы әкелініп, арнайы сатылған. Ал Сабина Алтынбекова бұл жарнаманың суретіне қаңтар айында түссе керек-ті. Өйткені, спортшы «instagram» желісіндегі жеке парақшасына жарнамадағы суретінің бірін жүктеп, «ескі фото» деп жариялапты.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Сабина Алтынбекованың Индонезия еліндегі әйелдер волейболын дамытуға үлес қосуы туралы айтылған еді.

Сурет: orientaldaily.on.cc

http://massaget.kz/layfstayl/sport/zhanalyktar/25642/

Рубрика: