Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің шын мәнінде жағдайы тығырыққа тірелген сияқты. Тбилисидің «Алиа» газетінің жазуына қарағанда, экс-басшы бүгінгі таңда АҚШ-та жүр. Бірақ…

Анық болғаны, АҚШ билігі Михаил Саакашви­лиге саяси баспана бермей­тін сияқты. Бұ­рын туристік мәртебемен жүр­ген экс-президент енді оны жұмыс­шы визасына ауысты­руы мүмкін.

«Алиа» газетінің жа­зуына қарағанда, Саака­швилидің Ақ үйде қолдау­шысы қалған жоқ. АҚШ-тың қазіргі прези­денті Барак Обамаға оның тіпті қажеті шамалы болып тұр. Мә­селенің анық-қанығы жақын уақытта белгілі болып қалуы мүмкін.

Бірақ БАҚ өкілдеріне бел­гілі болғаны, 20 қыркүйек күні Михаил Саакашвили жұмыс­шы виза алу туралы тиісті орындарға өтініш берген. Осы уақытқа дейін ол Тафтса уни­верситетінде студенттерге дә­ріс оқып келген. Алайда атал­ған жоғары оқу орны онымен келісімшартты үзген. Қазіргі таңда ол АҚШ-тағы достары­мен жиі араласып, өзінің қыз­меттік өмір жолы туралы ме­муар жазу үстінде. Бірақ Грузия билігі Интерпол арқылы Са­ака­швилиге іздеу жариялады. Оған «2007 жылы Тбилисиде адам өлімі болған наразылық шеруін қуып таратты. Соны­мен қатар «Имеди» телеор­талығына қысым жасады» деп айып тағылды. Біраз уақыт бұрын оның әйелі мен анасы және әжесінің мүлкі кәмпес­келенді. Ал Михаил Саака­швили ешуақытта Грузияға келмейтінін жария етті. Оның ойынша, грузин билігі тағып отырған айыптың барлығы да «қолдан жасалынған».

Дайындаған Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

http://www.aikyn.kz/articles/view/58465

Рубрика: