Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Мәскеу қор биржасында бүгін рубль бағамы тағы төмендеді. Таңертеңгілік саудада 1 АҚШ доллары 45 рубль 36 тиынға, 1 еуро 56 рубль 77 тиынға дейін жетті. Бірнеше минуттан соң еуро мен АҚШ долларын қоса алғандағы валюта жұбының бағамы 50 тиынға қымбаттап, бірінші рет 50 рубльден асты.

Ресей орталық банкі бүгін валюта жұбы бағамының ең төменгі шегін 5 тиынға дейін көбейтетінін жариялаған. Кеше Орталық банк рубльді қолдауға жұмсайтын валюталық интервенцияның күндік көлемін 350 миллион АҚШ долларынан асырмайтынын мәлімдеген.

Ресей орталық банкі жариялаған ресми мәлімет бойынша, ол ел қазан айында валюталық интервенцияға 29 миллиард АҚШ долларын жұмсаған.

Сарапшылар Ресей рублінің құнсыздану үрдісін әлемде мұнай бағасының арзандауымен, сыртқы саяси жағдайлармен, оның ішінде Украинадағы дағдарысқа қатысты Ресейге қарсы салынған санкциялармен байланыстырады.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141106/330/330.html?id=26677323

Рубрика: