Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Бүгін Мәскеу қор биржасында жаңа жылдан кейінгі алғашқы таңертеңгілік саудада Ресей рублінің АҚШ доллары мен еуроға шаққандағы бағасы тағы арзандады.

Сауда-саттықтың алғашқы сәтінде бір АҚШ доллары үш рубльге қымбаттап, 59 рубльге жетті, ал бір еуро 70 рубль шамасында саудаланды.

Рубль бағамы әлемде мұнай бағасының арзандауымен қатар әлсіреп жатыр. Өткен аптада мұнай бағасы соңғы бес жылда болмаған деңгейге төмендеген еді. Бүгін ақпан айына арналған сатып алу келісім-шарттарында Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 55,5 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150105/330/330.html?id=26776987

Рубрика: