Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 18 ақпан. BAQ.KZ — Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Рымбаева қазіргі жас әншілердің арасынан «мен» деп екшеленіп шығатын әншілерді атау қиын екенін, дегенмен Жанар Дұғалова секілді жастарға көңілі толатынын айтты. Бұл туралы пікірін әнші baistars.kz сайтына берген сұхбатында жекізді.

 «Радио мен теледидарды қосып қалсаң, бір-біріне ұқсас дауыстар… «Мен» деп, көзге оттай басылып, тыңдағанда таңданыс тудыратын әншіні атау қиын. Бәрі де фонограммамен «өнер көрсетіп», бір әнді концертте де, тойда да орындағанына мәз. Ондайларды әншілердің қатарына жатқызбаймын, «фонерщиктер» ғой… Кім көрінген көгілдір экранға шығып, «жұлдыз» атанып жүр. Ақшаңды берсең, сені күні-түні эфирден көрсетеді. Шынтуайтына келсек, эфир — әркімнің бір уысында кетті. Осыдан кейін жастар кімге еліктейді?!», — дейді Роза Рымбаева сұхбатта.
«Әйткенмен, кейінгі буыннан ГауҺар Қаспақова, Алтынай Жорабаеваларға көңілім толады. Олар кез келген әнді шырайын келтіріп шырқай алады, дауыс мүмкіндіктері зор. Сондай-ақ, жақында ғана халықаралық байқаудан бас жүлдемен оралған Жанар Дұғаловаға да ризамын», деп жас әншілердің арасынан кімге көңілі толатынын білдірді.

http://baq.kz/kk/news/60974

Рубрика: