Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 3 шілде. Baq.kz – «Бешбармақты» менің бейнебаяным деп ойламаңыздар. Рэп менің бағытым емес, менің әндерім ол өзіміздің Шәмші, Сейдолла, Нұрғиса, Талғат Сарыбаев ағаларымның әндері, — деп мәлімдеді Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Бұл рэпті жазу Александр Шумскийдің идеясы болғандығын айтқан Роза Қуанышқызы:

— Александр бұл рэп арқылы түрлі ұлт өкілдері бірігіп біздің ұлттық тағамымыз бешбармақты әндеріне қосып, мақтап жатқандығын көрсеткісі келді. Сәйкесінше рэпте танымал қазақ дауысы керек болған. Сол кезде ол маған «Роза Қуанышқызы сіз өз ұлтыңыздың өкілі ретінде осы сөздерді айта аласыз ба?» деген ұсыныс білдірді, мен егер біз бешбармақты әнге қосатын болсақ әрине, неге айтпасқа деп келістім. Маған «Қазы-қарта, жая» деген сөздерді ғана берді. Мен қуанышпен айтып шықтым, жанымда ұлым мен өзге ұлттың сүп-сүйкімді жас жігіттері рэптерін орындап, билерін билеп тұрды. Біздің бұл ән Америкалық деңгейде шықты. Меніңше кез-келген америкалық біздің «Бешбармаққа» қызығушылықпен қарайды. Өзім бұл жанрда ән айтатын адам емеспін. Менің әндерім ол өзіміздің Шәмші, Сейдолла, Нұрғиса, Талғат Сарыбаев ағаларымның әндері, — деді.

 

Ал «Бешбармақ» бейнебаянына қатысты айтылып жатқан сынға ол:
— Оны түсінетін адам бар, түсінбейтін адам бар. Рэп біздің ұлттық музыкамызға қатты жақын емес қой. Сондықтан оған дұрыс қарайтындар да, қарсылар да өз ойларын білдіруде. Бұл клиптің мағынасы орындаушының бешбармаққа деген құрметін көрсету. Ол жерде жалғыз мен тұрған жоқпын, қаншама ұлттың балалары тұр. Бір жағында орыс, бір жағында неміс, әзірбайжан, Шумскийдің өзі поляк. Бейнебаянда барлығы сол біздің бешбармағымызды сүйсініп тұрып жеуде. Ол бір жағынан насихат. Қазақстанда бешбармақ дегенде оны құрметтемейтін халық жоқ. Сондықтан бұл заманауи рэп. Ол менің бейнебаянм деп ойламаңыздарЕгер мен бейнебаян түсіретін болсам тек әнмен жасаймын, ең соңғы бейнебаянм «Өткен күндер»», — деп атап өтті.

 

 

Айнұр РАКИШЕВА

http://baq.kz/kk/news/49595

 

Рубрика: