Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 11 наурыз. Baq.kz — Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду еурокубок тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Португалиялық футболшы кеше түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Шальке» қақпасына 2 гол соқты.

Кезекті дублінен кейін Роналду голдарының санын 78-ге жеткізді. Бұл жөнінен 30 жастағы футболшы «Реалдың» бұрынғы шабуылшысы Рауль мен «Барселона» футболшысы Лионель Мессиді артқа тастады. Ол екеуінде 76 голдан бар.

«Реалдың» көшбасшысы сонымен қатар Чемпиондар лигасында соққан голдарының санын 75-ке жеткізді. Қазіргі кезде Месси екеуінің голдарының саны тең. Үшінші орындағы Раульда 73 гол бар.
http://baq.kz/kk/news/62010

Рубрика: