Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қытайдағы Харбин қаласына таяу маңдағы Хэйлунцзян ауданындароботтар қызмет ететін мейрамхана жұмыс істейді. Мекемені қатардағы қарапайым мейрамхана деуге болмайды. Ол бүгінде әлемге кең танылған, келушілері көп табысты мейрамханалардың көшін бастап тұр.

Мейрамханада роботтардың 20-ға жуық түрі жұмыс жасайды. Олар тағамды өздері дайындайды және қонақтарға қызмет көрсетеді. Бірі асханада тұшпара, кеспе, қуырмаштар жасап жатса, келесілер оны тасып әлек, үшіншісі қонақтарды күтіп алып, орналастырады.

Роботтарды түсінен айырып алуға болады. Қызметкерлердің бойлары — 1,3-тен 1,6 метр аралығында екен. Сондай-ақ, темір адамдар түрлі бет-әлпетті келтіріп, қарапайым сөйлемдерді жеткізе алады.

Таңғажайып даяшылар күніне демалмастан бес сағат жұмыс істейді де екі сағаттық үзіліске шығады. Табалдырықты аттасаңыз, алдыңыздан:«Сәлеметсізбе, қадірменді қонақ! Біздің мейрамханаға қош келдіңіз!» деген жүрекжарды сөздерін төгетін робот қызметкерлер шыға келеді.

Мейрамхана қызметі арзан емес. Онда бас сұғу үшін қалтаңыз әжептеуір қалың болуы керек. Мүны да түсінуге болады. Әрбір механизмнің бағасы — 31 500 – 47 000 аралығында екендігін ескеріңіз. Қожайындар мейрамхананы жабдықтау үшін 790,000$ ақша жұмсаған.

Естеріңізге сала кетейік, Харбин — өзінің мейрамханасымен ғана емес, жыл сайын өткізілетін мұз және қар мүсіндерінің фестивалімен де танымал.

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

 

http://massaget.kz/

Рубрика: