Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ресейдің үрейі күшейді Лепесова Анар

Ресей мұнай құнының 50 доллардан төмен құлдырауына дайын емес. «Россия 24» арнасына сұхбат берген елдің энергетика министрі Александр Новак осындай мәлімдеме жасады.

«Егер қара алтын бағасы барреліне 50 доллардан бір центке төмен түсетін болса, еліміздің мұнай-газ өндірісі құлдырауы мүмкін», – дейді А.Новак. Демек, Ресей үкіметі регресстің болжамды ықтималдығына сай жоспар құрып үлгермеген. Көршіміздің басына күн туса, біздің елге де кері әсері тиіп кетпес пе екен деп жанымызды шүберекке түйіп отыруды әдетке айналдырғанбыз. Бірақ бұл жолы үрейленудің жөні жоқ сияқты. Кеше еліміздің жетекші телеарналарының журналистерімен сұхбаттасқан Елбасымыз Қазақстан Үкіметінде ел экономикасын қолдаудың және мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 40 АҚШ долларына дейін түскен жағдайда қолданатын жоспар бар екенін мәлімдеп, Ресейдегі дағдарыстан секем алған халықтың көңілін орнықтырды.

Әлемдік экономикадағы аумалы-төкпелі ахуалға тоқталған Мемлекет басшысы қаржылық дағдарыс көпке ұзамайтындығын айтты. Елбасының айтуынша, қазіргі толқу мұнай бағасының әлемдік деңгейі төмендеуінен және Еуропаның Ресейге қатысты Ресейдің Еуропаға қатысты санкцияларының зардабынан орын алып отыр.

«Мен бұдан бұрын айттым, мемлекет әлеуметтік міндеттерді қандай жағдайда да төмендетпейтін болады. Яғни, зейнетақы, қорғаныс және бюджеттік ұйым жұмысшыларының жалақылары төмендетілмейді. Қазақстан халқы алаңдамасын. Егер мұнай баррелі 70, 60, 50, тіпті 40 АҚШ долларына дейін түскеннің өзінде, Қазақстанның қолға алатын жоспары бар. Бұл жоспар жұмыс істеуде және менің жіті қадағалауымда. Неге мен бұл туралы сенімді айтып тұрмын?! Себебі бізде қиын-қыстау күнге деп сақтаған қорымыз бар. Олар халықтың ауқатын түсірмей, өмір салтын жақсы деңгейде ұстап тұруға жетеді», – дейді Нұрсұлтан назарбаев. Мемлекет басшысы даурығуға негіз жоқ екенін барынша түсіндіруге тырысты:

– Алып-қашпа әңгімелерді таратып, халықты сарсаңға салатындарға қарсы арнайы заң қабылданды. Біз оларды тауып, жазасын беретін боламыз. Халықтың банктердегі салымдарына мемлекетпен кепіл берілген. Сол мақсатқа арнайы қор құрылған. Ал валюталардың ауытқуы – әлем бойынша қалыпты құбылыс. 50 жыл бұрын доллар құны қанша болды, қазір қанша? Қазақстанда біз теңгеге өмір сүреміз: теңгеге нан сатып аламыз, жолақыны теңгемен төлейміз, теңгеге киім сатып аламыз. Не үшін алаңдаймыз? Ішкі тұрақтылықты, әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз етеміз», – деп Елбасымыз халықты елдің экономикалық тұрақтылығына сендірді.

http://www.turkystan.kz/kz/articles/view/62761#comments

Рубрика: