Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ресейдің «Донбасс тұрғындарына» төртінші рет жөнелткен гуманитарлық жүк тиеген көліктері қазанның 30-ына қараған түні Ростов облысындағы Украинамен шекараға жетті.

Жүз көлік шамаман жүз тоннаға жуық жүкті — құрылыс материалдары, азық-түлік, медициналық препараттар мен қысқа дайындық заттарын алып барады. Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі «енді Украина сыртқы істер министрлігімен және халықаралық Қызыл Крест ұйымымен келісу қажет» дейді.

Ресей сыртқы істер министрлігі Ростов облысының «Донецк» шекаралық бақылау бекетіндегі ЕҚЫҰ өкілдері мен украиналық шекарашыларға жүкті қарап шығуды ұсынды. Ресей Донбассқа жүкті осы бекет арқылы өткізбек. Ресей жағы ЕҚЫҰ және Украина жағымен «конструктивті әрекет етуден» үмітті екенін білдірді.

Қазанның 29-ында Мәскеу Киевке Донецк мен Луганск облысының тұрғындарына кезекті гуманитарлық жүк жөнелтетіні туралы ескерткен. Украина сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Евгений Перебийнистің мәлімдеуінше, Украина өз территориясына кез-келген жүк халықаралық құқыққа сай, мемлекеттің келісімі арқылы кіргізілуі тиіс деген ұстанымын өзгертпейді.

Ресей Украинаның шығысына алғашқы гуманитарлық көмегін тамыз айында, екінші және үшінші рет қыркүйекте жөнелткен. Украина билігі ол кездері Ресей жүк көліктері шекараны заңсыз кесіп өтті деп мәлімдеген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141030/330/330.html?id=26665756

Рубрика: