Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

901571093
Астана. 18 қыркүйек. Baq.kz – Бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде РФ Мәдениет министрлігі және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық көрме жобасы аясында «XX-XXI ғғ. Ресейдің бірінші ханымдары» атты көрме ашылды деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Көрме Ресей орталық мемлекеттік қазіргі заманғы тарихы мұражайының «Ресей әйелінің келбеті» жобасы аясында әзірленіп, отбасылық жинақтар, мұражайлар мен мұрағаттардан алынған мемориалдық кешендердің таныстырылымына негізделген. Бірінші ханымдарға арналған көрменің бөлімдерінде көрме кейіпкерлерінің жеке заттары, фотосуреттері, құжаттары, қолтаңбалары, кескіндемелері, графикасы, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, олардың өмірі мен қызметі жайлы баяндайтын сирек кездесетін деректі хроникалар мен фильмдер ұсынылған.
Көрмеде патшайым А.Романова, Н.Крупская, Н.Аллилуева, Н.Кухарчук-Хрущёва, В.Брежнева, Т.Андропова, А.Черненко, Р.Горбачёва, Н.Ельцина, Л.Путина және С.Медведеваның өмірлеріне қатысты деректер ұсынылады.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Рубрика: