Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Киев тұтынған газы үшін қарызының бір бөлігін төлесе, онда Мәскеу Украинамен энергетикалық келіссөздерді қайта жалғастыратынын мәлімдеді.

Медведев бұған қоса Ресей Украинаға сататын газының қымбат бағасын қайта қарауы мүмкін екенін де ескертті.

Ресейдің мемлекеттік «Газпром» компаниясы бұған дейін Украина тұтынған газы үшін Ресейге 3.51 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде қарыз екенін мәлімдеген.

«Газпром» ақпан айында Украина президенті Виктор Янукович биліктен кетірілген соң бұл елге сататын газ бағасын 1 мың текше метрі үшін 268.5 АҚШ долларынан 485 АҚШ долларына дейін қымбаттатқан еді.

Украина билігі 1 мың текше метр газ құнын 268.5 АҚШ долларға бағалау «әділ баға» болғанын айтып, Ресейді «бағаны тым қымбаттатып жібергені» үшін халықаралық сотқа беретінін мәлімдеген.

Украина тұтынатын газының жартысынан көбін Ресейден сатып алады және Еуропа сатып алатын Ресей газы осы ел арқылы тасымалданады.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140515/330/330.html?id=25385662

Рубрика: