Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ресей мемлекеттік думасы Еуразия экономикалық одағы келісімшартын ратификациялады.

Келісім жобасын 26 қыркүйек күні қараған Ресей депутаттары оны  «тарихи құжат» деп атап, бірауыздан мақұлдады.

ЕАЭО (Еуразия экономикалық  одағы) Ресей, Қазақстан, Беларусь мүше болып отырған Кеден Одағы негізінде құрылған еді. Одақ құру келісіміне үш елдің басшылары 29 мамыр күні Астанада қол қойған.

ЕАЭО қызметіне 2015 жылы 1 қаңтар күні кіріседі.

Мәскеу Кеден Одағына қосып алу үшін пост-советтік республикаларға қысым жасап отыр. Кремль «бұл құрылым Еуропа Одағы сияқты мемлекеттер бірлестігіне айналады» дейді.

Армения премьер-министрі Овик Абрамян өз елінің бұл одаққа қазан айынды кіретінін мәлімдеді. Ал Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев  өз елінің Кеден Одағына 2014 жылдың аяғында қосылатынын айтқан.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140927/330/330.html?id=26608731

Рубрика: