Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Киев пен Мәскеу наурыз айынан бастап Ресей газын Украинаға жеткізетін және экспорттың тоқтап қалуын болдырмайтын келісім жасасты. Келісім 2 наурыз күні Брюссельде Еуропа Одағы өкілдерінің қатысуымен жасалды. Оған Ресей энергетика министрі Александр Новак пен Украина энергетика министрі Владимир Демчишин қатысты.

Мәскеу бұған дейін, өткен жылдың қазан айында жасалған келісім бойынша алдын-ала төлем жасалмаса, 3 наурыздан бастап Украинаға тасымалданатын газды тоқтататынын ескерткен. Бұл мәселені Ресей газын Украинаның ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аудандарына жеткізу де күрделендіре түскен.

Өткен аптада Киев төлемге қатысты проблема туындайды деп сепаратистер бақылауындағы аудандарды газбен қамтамасыз етуді тоқтатқан. Бұдан соң ресейлік «Газпром» компаниясы бұл аудандарға тіке газ жеткізе бастаған. Мәскеу «бұл жеткізілген газ Украинаға экспортталатын газының бір бөлігі ретінде саналуы тиіс» деп мәлімдеген.

Соңғы жасаған келісімде Мәскеу мен Киев «Украинаның шығысына газ жеткізу — құқықтық, техникалық және саяси тұрғыдан күрделі мәселе және оған бөлек келіссөз жүргізу қажет» деп көрсеткен.

http://www.azattyq.org

Рубрика: