Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ресей мен Қытай Батыс Африкаға Эбола вирусымен ауырғандарды емдеуге арналған мобильді госпитальдер жіберіп жатыр.

Қытайдың Либериядағы елшілігінің хабарлауынша, бұл елге құны 41 миллион АҚШ доллары тұратын оқшаулағыш ауруханада қызмет ететін 160 медицина қызметкері барған. Елшіліктің мәліметінше, 160 қызметкер арасындағы дәрігер, медбике мен эпидемиологтардың көпшілігі Азиядағы ТОРС эпидемиясымен күреске көмектескен.

Ресей билігі Гвинеяға бірнеше госпитальдің бөлшектері тиелген екі жүк ұшағы жөнелтілгенін хабарлады. Госпитальдерде бір мезетте Эбола жұқтырған 200 науқас оқшауланған түрде емделе алады.

Эбола вирусы жаппай тарала бастағаннан бері одан 5 мың 100-ден астам адам көз жұмды.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26695239

Рубрика: