АЛТЫНОРДА
Новости

Ресей әскери жаттығу бастады

Ресейдің 2 мыңнан астам әскері Украинадан аннексиялап алған Ресей оңтүстігінде, Қырым түбегі мен Грузияның жікшіл Абхазия және Оңтүстік Осетия аймақтарында әуе қорғанысы күштерінің «кең ауқымды» жаттығуына қатысып жатыр.

Ресейдің Оңтүстік федералдық әскери окгурі қолбасшылығының 5 наурызда хабарлауынша, 500 ауыр қару-жарақ пен әскери техника әскери әуе қорғанысы күштері бөлімдері өткізіп жатқан зымыран және әуе шабуылдарынан қорғаныс жаттығуына қатысуда.

Жаттығулар жиыны 12 аймақта — Ресей оңтүстігіндегі, Солтүстік Кавказ, Қырым түбегі мен Абхазия және Оңтүстік Осетиядағы Ресей әскери базаларында өтуде.

Жаттығулардың қанша уақытқа созылатыны айтылмаған.

Ресей бұған дейін елдің оңтүстігі мен батысында шекараға жақын аймақтарда әскери жаттығулар өткізген. Ресейдің батысындағы көршілес елдер бұған алаңдаушылық білдіріп, Мәскеу жаттығуды Шығыс Украинадағы сепаратистерге әскери қолдау көрсетуге пайдаланады деп айыптаған.

Ресей 2008 жылы тамызда Грузиямен қысқа мерзімдік әскери қақтығыстан соң Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындаған. 2014 жылы наурызда Ресей Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алды.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150305/330/330.html?id=26883395