Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 13 сәуір. BAQ.KZ – Қарағандыда саяси репрессия құрбандарына арналған көрме ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көрмеге көркем және фотосуреттер мен түрлі экспонаттар қойылған. Сонымен қатар деректі фильм көрсетілді. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары елдің азаттығын аңсаған Алаштың ардақты ұлдары тоталитарлық жүйенің құрбанына айналып, жазықсыз жапа шеккені — тарихи шындық. Олардың ерлігін дәріптеп, рухына тағзым ету — кейінгі ұрпаққа аманат. Өкінішке орай, сол қаралы жылдардың қасіреті әлі күнге толық зерттелмей келеді. Мәскеу мұрағаттарында шаң басқан қаншама құжат кезегін күтіп жатыр,- дейді тарихшылар.
«Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – жастардың санасына өткен тарихтың қайғылы да қаралы тұстарын түсіндіріп жеткізу. Жазықсыз жапа шеккен адамдардың тағдыры туралы көбірек айтатын болсақ, біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін олар ұғынып, түсіне алатын болады. «Адамның барлық ішкі рухани жандүниесін өшіру, адамды жоқ ету» деген тақырып бүгінгі көрмеде өте жақсы ашылған», — дейді ф.ғ.к Нұршат Жұмаділова.
Көрмені ұйымдастырушылар ең әуелі мұрағат деректерін ақтарып, репрессия құрбандарының ұрпақтарымен тілдесіп, мұражайларда болып, мол мәлімет жинаған. Тарихшылар мұнда қойылған әр экспонаттың келушілерге ой салары сөзсіз екенін айтуда.

 

 http://baq.kz/kk/material/527

Рубрика: