Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алматылық Регина Вандышева биылғы «Қазақстан аруы» байқауының жеңімпазы атанды. Ол жұма күні Алматыдағы Республика сарайында өткен байқаудың финалына қатысқан 33 қыздың арасынан ең көп дауыс жинаған.

Биылғы байқауда жеңімпазды онлайн және смс-хабарламасымен дауыс беру арқылы халық таңдаған еді.

Бұған дейін «Алматы аруы-2014» байқауында үздік деп танылған Регина Вандышеваға «Қазақстан аруы» тәжімен бірге 1 миллион теңгенің ақшалай сыйлығы табыс етілді.

22 жастағы Регина Вандышева – жеңіл атлетикадан спорт шебері. Ол енді Қазақстанның атынан «Әлем аруы» байқауына қатысады.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141129/330/330.html?id=26716148

Рубрика: