Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры бұдан былай өздерінің ең үздік қыз­меткерлерін арнайы іріктеп, олардың бі­лім арттыру мен тәжірибесін жетілдіруді үнемі бақылауда ұстап отырмақшы. Ком­па­нияның 2013-2022 жылдарға арналған кадр саясатына орай қабылданған «Топ-100» атты жаңа бағдарламаның тағы да бірқатар ерекшеліктері бар. Қор төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің басқарумен өткен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар то­бы­ның тәуелсіз директорларының отыры­сында осындай жаңалықтармен қатар, алдағы бағыт-бағдарлар туралы талқылау жасалды.

Екі жылдан бері тұрақты ұйымдас­ты­ры­латын тәуелсіз директорлардың кеңе­сін­де қорға қарасты құрылымдардың даму жайы пысықталды. Әрине, негізгі жұ­мысты атқаратын адам. Әсіресе. басқа­рушы топ-менеджерлерге де көп мәселе бай­ланысты. Сондықтан да тоғыз жылға жоспарланған кадр саясатын жүргізуде еңбек ресурстарының сапасын көтеруге, біліктілік деңгейін жоғарылатуға және білім беру орталықтарын күшейту мен дуальдық оқыту жүйесін пайдалануға ба­рынша назар аударылады. Ал мықты қа­білетін ісімен дәлелдеген мамандар топ­тастырылатын «Топ-100» жобасына енген әрбір кадрдың жауапкершілігі зор болмақ. Әзірге мұқият жүргізілген іріктеудің нә­тижесінде топқа 35 қызметкер өтіпті.

– Сіздер, тәуелсіз директорлар әр­түрлі компанияларда қызмет атқарған­да­ры­ңызбен негізгі мақсатқа жету жолын­да барлығымыз бір топпыз. Әрбір шешім қабылданар сәтте осы маңызды жайтты ұмытпауымыз қажет. Қорға қарасты ком­паниялардың бәсекеге қабілеттілігін арт­тырып, заман талабымен дамытуымыз аса жауапты. Осыны ескеріп дайындалған «Топ-100» бағдарламасындағы қыз­мет­кер­лермен тәуелсіз директорлар жеке та­нысып, олардың келесі қадамдарын жіті қадағалау керек. Ал жалпы қордың басқа­ру құрамындағы басшылардың қабіле­тін бағалау барысында олардың 30 пайызы­ның біліктілігінің талапқа сәйкес кел­мейтінін білдік. Енді әлемдік үдерістерге жауап беретін компанияны қалыптас­тырғымыз келсе, жаңа қадамға қорықпай барып, қордың басқарушы құрамындағы кадрларға ауқымды реформа жүргізуге тиіспіз және оған дайынбыз, – деді Ө.Шөкеев.

Төрағаның айтуынша, қор мен оған қарасты еншілес компаниялардағы бас­қарушы құрамдардың кәсіби біліктілігін саралау барысында, олардың 30 пайызы­ның талапқа толықтай жауап бермей­тін­дігі анықталыпты. Енді 350 мыңдай қыз­меткері бар алып құрылымды алдағы күн­дері кезекті реформа күтіп тұр. Сонымен бірге тәуелсіз директорлар тобы корпоративті заңнаманы жетілді­-руді ортаға салып, ішкі аудиттің міндеті мен «Халықтық IPO» бағдарламасын та­бысты жүргізудің жолдарын қарастыр­ды. «Самұрық-Қазынаның» тәуелсіз ди­рек­­торларының бірі Питер Хауздың ай­­туынша, ағымдағы жылдың екінші жартысында нарықтық сатылымға KEGOC компаниясының акцияларын шығару көзделуде.

Бейсенбай Дәулетұлы
Астана

http://www.aikyn.kz

Рубрика: