АЛТЫНОРДА
Новости

Рахат Әлиевтің әкесі Мұхтар Әлиев қайтыс болды

Бүгін Қазақстандағы жергілікті ақпарат агенттіктері «Академик, Қазақстан президентінің бұрынғы күйеубаласы Рахат Әлиевтің әкесі Мұхтар Әлиев 82 жасында қайтыс болды» деп хабарлады.

Мұхтар Әлиев Совет Одағы тұсында Қазақ ССР денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды, Сызғанов атындағы ғылыми хирургия орталығын басқарды.

2008 жылы Қазақстанның Австриядағы елшісі болған ұлы Рахат Әлиев қуғынға ұшырап, аса ауыр қылмыс жасады деген айыппен халықаралық іздеу жарияланған соң, Мұхтар Әлиев шетелге кетіп қалған. 2009 жылы Қазақстанға оралған Мұхтар Әлиев «іс жүзінде үйқамақта отырған әйеліне көмектескісі келетінін» айтқан.

Рахат Әлиев қазір Венада қамауда отыр. Ол 2014 жылдың маусымында тұтқындалған. Өткен жылдың желтоқсанында Австрия прокуратурасы Рахат Әлиевке «қазақстандық екі банкирдің өліміне қатысы бар» деген айып таққан.

Қазақстан билігі бұған дейін Австриядан бірнеше рет Әлиевті қайтаруды сұраған. Бірақ Вена өтінішті орындаудан бас тартты.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26788430