Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

5 қыркүйек күні Уэльстегі НАТО саммитінде сөйлеген осы ұйымның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Мәскеуге «НАТО-ның кейеюіне, соның ішінде Украина мен басқа да елдердің ұйымға мүшелікке өтуіне үшінші бір елдердің вето қоя алмайтынын» ескертті.

Бұдан бөлек, Расмуссен «альянс басшыларының Ресей агрессиясы қаупін жоюға арналған қарулы күштер құруға» келіскенін мәлімдеді. Ол «бірнеше мың жауынгерден тұратын бұл құрлық әскері НАТО қарулы күштерінен жасақталатынын, олардың Еуропаның шығысындағы НАТО-ға мүше елдерге бірнеше күннің ішінде орналастырылуы мүмкін» екенін айтқан.

НАТО бас хатшысы «шұғыл қимылдайтын бұл әскер Еуропаның шығысындағы НАТО-ға мүше елдер аумағында үнемі әзір тұратынын, мұның өзі НАТО-ға әуе, теңіз және құрлықта қатар әрекет етуге мүмкіндік беретінін» мәлімдеген.

Екі күн өткен НАТО саммитінде негізінен Украина дағдарысы талқыланды. Батыс елдері Ресейді Украинаға әскер кіргізді деп айыптайды.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140906/330/330.html?id=26569697

Рубрика: