АЛТЫНОРДА
Новости

Рамазан айында миллион баланы киіндірмек

434_ab881c3b46bdc35ffdbe23e68fad0caa Астана. 19 шілде. Baq.kz – Біріккен Араб Әмірліктерінде осынау қасиетті Рамазан айында «Бүкіл әлем бойынша бір миллион баланы киіндірейік» деп аталатын қайырымдылық науқаны басталды. Бұл шараға Дубай әміршісі әрі БАӘ вице-президенті, шейх Мұхаммед бин Рәшид әл-Мақтұм өзі бас-көз болуда, деп жазады muslim.kz.

 Рамазан айы басталғалы бері бес күннің ішінде осы мақсатта 19,5 млн. дирхам (5,4 млн. доллар) жиналды. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, бұл қаражатқа 500 мың мұқтаж баланы киіндіруге болады. Алда әлі екі апта уақыт бар. Осынау қайырымдылық шарасына атсалысып, сауап алғысы келетіндер осы уақыт аралығында бір баланы киіндіруге кететін 40 дирхамды (11 долларды) садақаға беруіне болады. Аталмыш акцияға аса ірі супермаркеттер, ұялы байланыс операторлары, сауық-сайран саябақтары атсалысуда. Дубайдың Ұлттық банкі науқанға өз үлесін қосу үшін 20 млн. дирхам (548 мың доллар) аударды.
Қасиетті Рамазан айы тек ауыз бекітіп, ораза ұстау айы ғана емес, сонымен бірге, қайырымдылық жасау айы екенін айта кету керек. Бұл ай, әсіресе, балаларға сонысымен қызық, сонысымен есте қалады.

http://www.baq.kz/kk/news/32483