Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ресейде алтынмен апталған iPhone смартфондары сатылымға шығарылды. Оның бір бетінде РФ президенті Владимир Путиннің портреті мен Ресей әнұранының мәтіні бейнеленген.

TJournal басылымының хабарлауынша, осынау өнімдер италиялық Perla Penna зергерлік шеберханасында жасалған және Caviar брендімен сатылып жатыр.

Дәл осындай бір смартфонның құны 147 мың рубль (4,3 мың доллар). Сатылымға оның небәрі 4 данасы шығарылады.

iPhone-ның артыңғы бөлігі 18 карат алтынмен апталған. Онда В.Путин мен РФ әнұранының мәтіні ойылып жазылыпты.

Шығарушы компания өкілдері алтын смартфондардың сатып алушылары табылып қойылғанын айтады. Олардың қатарында патриот шенеуніктер мен ірі компания менеджерлері бар — Baq.kz

 

Дуанабай Жолдасбек

http://aikyn.kz/articles/view/52166

Рубрика: