Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

5601e125f8ca152d9186862b32ccda93Кез келген танымал адамның әрекетінен астар іздейтін саяси сарапшылардың қармағына бұл жолы Путин ілікті. 
Ресейдің Кемерово облысындағы бір мектепте білім күніне орай  оқушылармен кездескен Ресей Президенті кетер алдында интерактивті тақтаға тосын сурет салып кетті. Кремль басшысының сондағы салғаны–мысық!  Бірақ мияулаған мысықты салғанда тұрған не бар, деуіңіз бек мүмкін. Сөйтсек, мұнда да сыр жатады екен.

–«Сендерге естелік болсын,–деді Путин. –Бұл мысық. Арт жағынан қарағанда».

Алайда тақтаға мысықтың суретін  Путин неге салды, мұның астарында не жатыр? Бұл нені білдіреді?  Бұл сауалдарға басын қатырған орыс зерттеушілері қазір барлығы жабылып, Путиннің психологиялық портретін жасауда.

– Ең бірінші көзге көрініп тұрған бір нәрсе, ол – мысықтың құйрық жағымен ыңғайсыз тұрғандығы. Ал бұл әрекет психологияда бірнеше жайтты білдіреді. Атап айтар болсақ, бұл тұйықтықты білдіреді, ол  қоғамда жалғыз, адамдардың жанына көп шоғырланғанын жақтырмайды, – деп мінездеме береді психолог Борис Суворов.

Сонымен қатар Путиннің салған суреті тұлға ретінде оның ешкімге ұқсамайтынын көрсетеді, бірақ қайшы келетін тұстары да бар, ол интеллектісімен өмір сүргенді ұнатады. Ал мысықтың қайқайып тік тұрған құйрығына келер болсақ, бұл әрекет өзіне сенімді емес адамдардың іс-қимылын  білдіреді.

– Кремль басшысының тақтадағы суретіне қарап отырып, тағы бір нәрсені айтпай кетпеске болмайды. Мұндай адамдар өзінің бай тәжірибесіне арқа сүйей отырып, қажетті шешім қабылдауға тырысады. Дегенмен назар аударарлық тағы бір мәселе бар. Путин мысықты тақтаның сол жағына салған, ал оң жағы бос тұр. Бұл өткен оқиғадан сабақ ала отырып, шешім қабылдайтын  басшының келбеті. Екіншіден мысықтың жоғарыда немесе төменде емес, ортада тұруы  халықтың ықыласына 100 пайыз ие бола алмаса да,  өзінде жасанды сенімділіктің жоғары тұрғандығын көрсетеді.

Жалпы Путиннің мысықтың суретін салуын психологтар тағы бір тарихи оқиғамен байланыстырады. «Кездесетін орынды өзгертуге болмайды» фильмінде Глеб Жеглов пен Владимир Шарапов бандаларды ұстау барысында «қара мысықпен» жиі кездесіп отырады.  Путин бұрынырақта «ЮКОС-тың экс-басшысына қатысты сөйлеген сөзінде аталған фильмде Владимир Высоцкий жиі қайталайтын сөзді айтқаны белгілі. «Ұры түрмеде отыруы тиіс!».

Демек, атақты кеңестік  фильмдегі қанатты сөз Путиннің санасында мәңгілік сақталып қалған. Ал Кемерово оқушыларының тақтасында қалған сурет демек, Кремль басшысының өзіне, елге  зияны бар адамға аяушылық болмайтынан аңғартқандай….

Берік Бейсенұлы

http://www.aikyn.kz/articles/view/29438

 

 

Рубрика: