Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Владимир Путин, Ресей президентіРесей президенті Владимир Путин Федерация кеңесіне Украинаға әскер кіргізу туралы рұқсаттың күшін жою туралы өтініш түсірді. Путиннің бұл шешімі туралы ақпарат агенттіктері президент баспасөз қызметінің жетекшісі Дмитрий Песковке сілтеме жасай хабарлап жатыр.

Песков президенттің Украинадағы шиеленістің бәсеңдеуіне байланысты осындай өтініш білдіргенін айтқан.

Биылғы 1 наурыз күні Федерация кеңесі президент Путиннің өтініші бойынша Украина территориясына әскер кіргізуге рұқсат еткен еді.

Бір күн бұрын АҚШ президенті Барак Обама Ресей президенті Владимир Путинді Украинада бейбітшілік орнатуды қолдауға шақырып, егер Мәскеу бұл елдегі шиеленісті бәсеңсіту шараларын қабылдамаса «жаңа шығындарға» тап болуы мүмкін деп ескерткен. Ақ үйдің баспасөз қызметі Обама бұл жайында Владимир Путинмен 23 маусым күні телефон арқылы сөйлескенінде айтты деп хабарлаған.

 http://www.azattyq.org/content/news/25433497.html

Рубрика: