Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ресей президенті Владимир Путин Михаил Ходорковскийге рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы kremlin.ru хабарлады. Михаил Ходорковский 2003 жылы сотталған.

«Адамгершілік қағидаларын басшылыққа ала отырып, қаулы етемін: Мәскеу қаласының тұрғыны, 1963 жылы туылған Ходорковский Михаил Борисович ары қарай бас бостандығынан айыру жазасынан босатылсын. Осы жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді», — делінген сайтта жарияланған хабарда.

Михаил Ходорковский 2003 жылы сотталған. Екі жыл өткеннен кейін ол алаяқтық пен салық төлеуден жалтарғаны үшін тоғыз жылға түрмеге қамалды, кейін ол мерзім сегіз жылға қысқартылды. 2010 жылдың желтоқсанында «ЮКОС-тың» екінші ісі» бойынша Ходорковский мұнайды ұрлағаны және оны сатудан түскен пайданы ресмилендіргені үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылған. Нәтижесінде жазасын өтеу мерзімін әр түрлі инстанциялардағы соттар бірнеше рет қысқартты. Ходорковскийдің жазасын өтеу мерзімі оны қамауға алған сәттен бастап есептеледі. Ол 2014 жылдың тамызында бостандыққа шығу керек болатын.

 

Дуанабай Жолдасбек

 

http://aikyn.kz/articles/view/38691

Рубрика: