АЛТЫНОРДА
Новости

Путин мен Порошенко телефонмен сөйлесті

Кремльдің баспасөз қызметі 8 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин мен Петр Порошенконың телефон арқылы сөйлескенін хабарлады.

«Телефонмен сөйлесу кезінде Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды бейбіт реттеуге ықпал ететін қадамдар талқыланды. Диалог жалғаса береді» делінген Кремль таратқан ақпаратта.

Ал Украина президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Порошенко Путинмен телефон арқылы Мариупольге жұмыс сапарымен барған кезде сөйлескен.

«Әңгіме барысында тараптар бітім режимін қолдау жөніндегі іс-қимылдарды үйлестірудің маңыздылығын айтты. Мемлекет басшылары ЕҚЫҰ миссиясының қақтығысты тоқтату режимін бақылауы маңызды екеніне де тоқталды» деп хабарлайды Украина президентінің ресми сайты.

Порошенко мен Путин 6 қыркүйекте де телефон арқылы сөйлескен.

09 қыркүйек 2014
http://www.azattyq.org/archive/news/20140909/330/330.html?id=26573680