АЛТЫНОРДА
Новости

Путин 2018 жылы президенттік сайлауға түсе ме?

АСТАНА. 20 қаңтар. BAQ.KZ — Сочиде өтетін Олимпиада қарсаңында Ресей басшысы телеарна тілшілеріне сұхбат берген болатын. Сұхбат кезінде Путин президенттік сайлауға қатысты жауап беруден бас тартты, деп хабарлады Ұлттық арнаның сайты.

Ресей президенті Владимир Путин мемлекет басшысының кезекті сайлауы өтетін 2018 жылға жоспары туралы сұраққа тікелей жауап беруден бас тартты.

Сочиде өтетін Олимпиада қарсаңында Ресей басшысы «BBC», «ABC News», «CCTV», «Россия-1» телеарнасы мен «Around the Rings» ақпараттық агенттігінің тілшілеріне сұхбат берген болатын.

«Ал сайлауға қатысты жауап беру әлі ерте. Жұмыс істеу керек, қалғанын уақыт көрсетеді», — деді Ресей президенті.

http://baq.kz/