Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ресей жоғарғы соты Pussy Riot панк-тобыныңсотталған мүшелеріне қатысты қадағалау өндірісін ашу туралы шешім шығарды. Жоғарғы сот алғашқы сот үкімінде қылмыстық-процессуалдық кодекстің талаптары бұзылған деп тапқан.

Азаттықтың Орыс қызметінің хабарлауынша, соттың қадағалау өндірісін ашу туралы шешімі 10 желтоқсанда — топтың сотталған мүшесі Мария Алехинаның адвокаты мен президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі өкіл Владимир Лукин шағым түсіргеннен кейін белгілі болған.

Жоғарғы сот шешімі бойынша, шағымды Мәскеу қалалық соты қарайды.

Мария Алехина, Надежда Толоконникова мен Екатерина Самуцевич Мәскеудегі Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында президент Владимир Путинге қарсы ән айтқаны үшін 2012 жылы тамызда «бұзақылық жасады» деген айыппен әрқайсысы екі жылға сотталған еді. Кейін Самуцевичтің жазасы шартты жазаға ауыстырылды. Қазір Алехина Нижегород облысында, Толоконникова — Красноярск өлкесінде жазаларын өтеп жатыр.

http://www.azattyq.org/content/news/25198151.html

Рубрика: