Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Psy-дің жаңа клипі (Оңтүстік Кореялық орындаушы және ән авторы) ғаламторды тағы да «жарды». Бар болғаны екі күн ішіндемузыкалық композиция шамамен 33 миллион рет көрілген.

Gentleman M/V деп аталатын жаңа клипте Psy жаңа би қимылдарын көрсетіп шыққан. Сондай-ақ, аталған видеода алдыңғы клиптегі кейіпкерлер де кездеседі және жаппай би билеу де сақталған.

 

Айта кетсек, Psy  лақап атымен өнер көрсететін оңтүстік кореялық репер Пак Чэ Сан әлемге «Gangnam style» әні аясында түсірілген клиптен соң танымал болған еді. Өткен жылдың желтоқсан айының 21-і күні кешкісін аталған бейнебаян YouTube-та көрілген саны бойынша миллиардтық көрсеткішке жетіп, сайт тарихында рекордты орнатқан болатын. Бір ескере кетер жайт, жаңа үлгіде түсірілген клип 2012 жылдың 15 маусымында ғана хостингте пайда болды. Сондай-ақ, клип Гиннестер кітабына да енді.

Қазіргі таңда клип көрілімінің саны бір жарым миллиардтан асады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: mirfactov.com

http://massaget.kz/madeniet/music/9926

Рубрика: