Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әр күні таңертең барлық іс сәтіне басады деген сеніммен ояныңыз. Үйден шығарда алда болар кез келген іске төтеп беретін толық сеніммен есіктен аттаған жөн. Ең бастысы — өзіңізге деген сенімділік. Ең көңілсіз істі алдымен істеуге дағдыланыңыз. Оны бітірген соң, өзіңізді жігерлендіруге тырысыңыз.

Зейін-зердеңізді бір жерге шоғырландырыңыз, бұл қолда бар жұмысты тындыруға үлкен септігін тигізеді. Кез келген жағдайда аса ибалы, салауатты болып көрінуге тырысыңыз.

Қашан да өзіңізді жазғыра бермеңіз, мейлі қателік жасасаңыз да.Қайта сол қателікті мойындаңыз да, одан рухани зиянның орнын толтыруға құлшыныңыз. Үнемі өзін-өзі кінәлау мен жазғыру, шерлену рухани ауруға оңай шалдықтырады.

Маңыңыздағы адамдарға мұқият мәміле жасаңыз. Қарым-қатынаста кімге не айту керек екенін жақсы білген жөн.

Кез келген адамға көңілді бейне танытуға тырысу қате көзқарас. Әурешілікке тап болған кезде де солай істеген жақсы. Сонда ғана, ұтымды шешімді табу қиын болмайды. Құр сөз бен қиял тез-ақ табысқа жеткізбейді. Барлық істен қорғанып, алаңдай бермеңіз, батыл кірісіңіз. Тек әрекет пен қозғалыс болғанда ғана мақсатыңызға жетесіз.

Кең әрі кішпейіл болған сайын өзгелердің құрметіне бөлену бақытына ие боласыз.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: ixiu.cn

http://massaget.kz

 

Рубрика: