Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 30 қаңтар. Baq.kz — Алматы қаласының Прокуратурасы BMW X6 көлігімен алты адамды қағып кеткен Мақсат Үсеновті 45 тәулікке қамауды талап етуде деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Алматы қаласының прокуратурасы Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 250 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл және көлік құралын басқару құқығынан айырмау туралы қаулысына апелляциялық наразылық келтіріп отыр.

«Көрсетілген сот қаулысына прокуратурамен апелляциялық наразылық келтіріліп, М.К.Үсеновті 45 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 2 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру талап етілді. Себебі сотпен ҚР ӘҚБтК 468-1-бабы бойынша тағайындалған жеңіл жауапкершілігі жасалынған құқық бұзушылықтың ауырлығына, сонымен бірге құқық бұзушының жол-көлік оқиғасын жасауға дейінгі және одан кейінгі әрекетіне сай келмейді», — делінеді хабарламада.

Айта кетейiк, 1 желтоқсан күнi Алматыда көлiк құралын жүргiзу құқығынан айырылған Мақсат Үсенов көшеде алты адамды қағып кеткен болатын. Оқиға орнында бiр адам көз жұмды. Дегенмен, қылмыстық iс 22 қаңтар күнi тараптардың мәмiлеге келуiне орай тоқтатылды. М.Үсенов болса, қамаудан босатылған болатын.

http://baq.kz/kk/news/42884

Рубрика: