АЛТЫНОРДА
Новости

Президенттікке кандидат Қайсаров қазақшадан қандай қате жіберді?

Президенттікке кандидат Қайсаровтың қазақшасы комиссияны шошыттыОрталық сайлау комиссиясында президенттікке кандидат Уәлихан Қайсаров қазақтың көптеген байырғы сөздерін түсіне алмады.Лингвистикалық комиссия өз шешімін шығарғаннан кейін Қайсаровқа сұрақ қою мүмкіндігі берілді.
«Сіздер ТМД деп айтып отырсыздар. Бірақ, ТМД деген сөз сұрақта болған да жоқ, айтылған да жоқ. Сол ТМД-ны қайдан алдыңыз?», — деді кандидат Уәлихан Қайсаров комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбековке.

«Мен оны ойлап тапқаным жоқ. Бұл бұрынғы Кеңес одағының құрамында болған мемлекеттердің 1991 жылғы желтоқсанда Алматыда құрған достастығы. Содан кейін біздің Тәуелсіздігіміз басталды. Сізге берілген тақырып «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы: тарихы мен бүгіні», — деді Жолдасбеков.

«Иә», — деді Қайсаров. — Бірақ ТМД қай жерде? ТМД Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қазақшасы ма сонда?».

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дегеніміз, осы сөздердің бас әріптерін алсаңыз ТМД болады», — деді тағы бір мәрте түсіндірген комиссия төрағасы.

Жылышырай, тарту-таралғы, қырғи-қабақ, сойылын соғу деген сияқты сөздерді сұрап едім, мағынасын түсіндіріп айта алмадыңыз

Кандидат сонда да комиссия мүшесінің мұндай дәйектерге келіспейтіндігін айтты.

«Ол түсінікті ғой. Бірақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дегеніміз — Қазақстанның басқа тәуелсіз мемлекеттермен достастығы. Мысалы, Ресей де, Өзбекстан да, Қырғызстан да тәуелсіз ғой», — деді кандидат.

«Сіз тақырыпты түсінбегенсіз, әңгіме басқада. Сіз Қазақстанның дос мемлекеттері деп Қытайды, Американы атадыңыз, дұрыс. Шүкір, Қазақстан барлық мемлекеттермен жау емес, дос. Бірақ, мына тақырып анық, ал ол ашылмаған, сіз ол жайында жазбағансыз», — деді Жолдасбеков.

Үміткер шығармада 23 қате жіберді. Атап айтсақ, тыныс белгісінен -11, еміледен — 5, стилистикалық 7 қате кездесті.

«Сіз екінші кезеңде Есенберлиннің «Алмас қылышын» оқыдыңыз. Бірақ мен бір сұрақ қойып едім, сіз өзіңіз оқыған мәтінде не айтылғанын түсінбедіңіз. Мәтін ішінде жазушы қолданған бірқатар қазақтың байырғы әдемі сөздері бар. Жылышырай, тарту-таралғы, қырғи-қабақ, сойылын соғу деген сияқты сөздерді сұрап едім, мағынасын түсіндіріп айта алмадыңыз», — деді комиссия төрағасы.

Еске сала кетейік, бұдан бөлек Уәлихан Қайсаров өзін басқа елдің азаматы деп көрсеткен болатын.

По сообщению сайта Nur.kz

http://www.qazaquni.kz/?p=34378