Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қырғызстанның Бірінші май аудандық соты елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевті 25 жылға соттады. Бакиев шетелдік кәсіпкер Шона Дейлиді тапсырыспен өлтірмек болған. Алайда шетелдік кәсіпкерге оқ атылғанмен, ол аман қалған. 

Бұл туралы АҚШ азаматы Шона Дейли қырғыз сотында мәлім еткен. Сонымен қатар қырғыз билігі Құманбек Бакиевтің аға-інілері мен балалары Жәнібек, Марат пен Максимге де айып таққан. Қауіпсіздік қызметінің басшысы болған Марат Бакиев 20 жылға сотталса, қалғандары әртүрлі мерзімді арқалады.

Ал оқтан аман қалған Шона Дейли 2005 жылы Қырғыстандағы барлық кен байлығын сатып, еліне кетіп қалған. Енді міне оған кім тапсырыс бергені мәлім болып отыр. Ал Құрманбек Бакиев болса, беларусь жерінде бизнесін өркендетіп жатыр

 Берік Бейсенұлы

http://www.aikyn.kz/

Рубрика: