Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Елбасы, Қазақстанның Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Назарбаев еліміздің барша ер-азаматтарын «Отан қорғаушылар» күнімен құттықтады. «Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, қызметте табыс, отбасыларға әл-ауқат тілеймін!» деді Президент. Өз сөзінде Мемлекет басшысы өз Жарлығымен 7 мамырға тағайындалған «Отан қорғаушылар» күнінің елімізде «мемлекеттік мереке» ретінде тұңғыш рет атап өтілетіндігін айтты. Атаулы күн қарсаңында Қазақстан Көшбасшысы Қарулы күштердің, құқық қорғау жүйесінің және арнайы органдарының дараланып шыққан қызметкерлерін марапаттау туралы шешім қабылдапты.


Осыған орай Ақордада марапаттау рә­сімдері өтті. Алдымен, Мемлекет басшысы жо­ғары әскери және арнайы атақтар тапсыр­ды.Бұл ретте Қазақстанның тарихында «ге­нерал»әскери шенін алған алғашқы әйелдің пайда болғандығын айта кеткен жөн! Бас про­куратураның Құқықтық статистика және ар­наулы есепке алу жөніндегі комитеттің төр­айымы Сәуле Айтпаеваға әскери ерекшелік белгісін – погонды Н.Назарбаев өз қолымен табыстады. С.Айтпаева 1960 жылдың 22 ма­мырында Торғай облысы Жақсы кентінде дүниеге келген екен.
– Мен Қазақстан тарихындағы генерал атағын алып отырған бірінші қазақ қызы екен­мін, – деді Сәуле Мұханбедианқызы. – Осы үшін аса құрметті Президент, Сізге рақ­мет айтқым келеді! «Әйелдің жолы жіңішке» дейді. Әйел – аяулы ана, асыл жар. Біз қандай қызметте жүрсек те, Отанға аналық сезіммен қараймыз. Бүгінгі марапатты мен біздің – бар­лық әйел азаматтардың еңбегіне берілген ба­ғадай қабылдаймын. Апаларымыз Мәншүк пен Әлия өздері сүйген Отанын қорғау үшін жанын қиған. Біз енді бейбіт күнде өз еңбегі­мізбен Отанымызды ілгерілетуге үлес қоса­мыз.
– Сіздер патриотизмнің және Отанға қыз­мет етудің үлгісі болып саналасыздар, – деді жаңа генералдарға қайырылған Елбасы. – Бүгін сіздер үшін өте қуанышты күн. Еңбек­теріңді елеп, сіздерді осындай жоғарғы дә­режеге көтеріп отырмын. Соған сай болың­дар. Елге адал қызмет істеңдер. Өз салаларыңыз­дағы басқа барлық қызметкерлерге өнеге болыңдар. Бұл сіздер үшін, сіздердің жа­қын­дарыңыз бен отбасыларыңыз үшін қуанышты оқиға!Осыдан кейін Президент «әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заң­дылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін» бірқатар әскери қызметшіге мемлекет­тік наградалар тапсырды.

– Құрметті достар, отандастар! – деді жи­налғандарға қайырылған Н.Назарбаев. – Бүгін менің Жарлығыммен, елдің ең лайықты аза­маттарына мемлекеттік наградалар тапсы­ры­лады. Бұлардың бәрі де ерен еңбегімен, қалт­қысыз қызметімен ерекшеленген жандар болғандықтан, осындай шешім қабылдадым. Сіздердің басты міндеттеріңіз – ұлт пен ұлыс­тың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, біз тәу етер Тәуелсіздігімізді қорғап, оны қастерлеу! Бұдан асқан үлкен мәртебе жоқ. Мемлекет басшысы тату елдегі тұрақтылық пен тәртіп тұғырының берік болуы осы аза­маттарға тікелей байланысты екендігін атап өтті. «Сіздер өз салаларыңызда осы абыройлы борышты әрқашанда үлкен біліктілікпен ат­қарып келесіздер. Қазақстанның тұрақтылығы мен халқымыздың амандығын сенімді сар­баз­дар күзетіп тұр. Елге қорған болу үшін қажымас қайрат, жігерлі рух қажет екендігі баршаға белгілі. Осының барлығы сіздерде бар деп се­немін!» деді Елбасы. Осыдан кейін Жоғарғы бас қолбасшысы ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен Қарулы күш­тердің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әс­керлерінің қолбасшысы Т.Қойбақовты және Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы А.Рыспаевты марапаттады. Сөз алған Т.Қой­бақов Қазақстан Көшбасшысын барша әс­керилер атынан ерлер мерекесімен құттық­тады: «Бізге сенім артқаныңызға көп рақмет! Біз, Қазақстанның Қарулы күштерінің әскери қызметшілері, өз алдымызға қойған мемле­кетіміздің тәуелсіздігін қорғау бағытындағы тапсырмаларыңызды әрқашан орындауға дайынбыз! Сіздің қамқорлығыңыздың арқа­сында бүгінде Қазақстанда мобильді, жақсы жарақталған және ұрысқа қабілетті Қарулы күштер құрылды. Барлық қатысушылар аты­нан Сізді «Отан қорғаушылар күнімен» құт­тықтауға рұқсат етіңіз! Сізге зор денсаулық, мол бақыт, Отанымыздың гүлденуі жолын­дағы еңбегіңізге табыс тілейміз!»

ІІ дәрежелі «Айбын» орденін Елбасы қолы­нан Қаржы полициясы төрағасының орынбасары А.Боданов, 36855 әскери бө­лімінің командирі Е.Ермекбаев, Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Қ.Игем­баев, Президент Күзет қызметінің басқарма бастығы Б.Ысмайылов, ҰҚК «Арыстан» қыз­меті басқармасының аға офицері Б.Қапаров, Алматы облысы ІІД бастығы С.Көдебаев, ІІМ «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының командирі Д.Құрмашев, ҰҚК Шекара қыз­метінің жеке авиациялық эскадрилья ко­мандирінің орынбасары М.Мұсабеков алды.
ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені қарағандылық аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Ә.Айтбаевқа, Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқарма­сының бөлімше бастығы Р.Сүйіндіковке бе­рілді.

«Ерлігі үшін» медалімен жамбылдық №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға шебері Қ.Жаныспаев, солтүстікқазақстандық № 15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Қ.Майсейітов марапатталды. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне Пре­зидент Күзет қызметі департамент бастығы­ның орынбасары Е.Жарқымбаев, ҰҚК бас басқарма бастығы М.Жетімеков және басқалар ие болды.

– Сардар мырзалар! – деді салтанатты рәсімді қорытқан Президент Нұрсұлтан Назарбаев. – Мен сіздерді наградаларыңыз­бен құттықтаймын! Сіздер өз еңбектеріңіз­-бен, Отанға қызметтеріңізбен соған лайық­сыздар. Біздің азаматтарымыздың тыныштығы мен бейбіт өмірін сіздер күзетесіздер. Ар­миямыздың тиісті бөлімшелерінде, құқық қорғау органдарында, арнайы қызметтерде еңбек ете жүріп, осындай биік құрметке ие болып отырсыздар, – деген Елбасы бұл аза­маттардың барлығы өз ғұмырларын «погонмен өмір сүруге» арнағандарына екпін түсірді. «Мен сіздердің ары қарай да Отанға адал­дық­тарыңызды өз қызметтеріңізбен дәлелдейтін­деріңізге, патриотизм мен әскери шебер­лік­теріңізді паш ететіндеріңізге сенімдімін!» деп үміт артты Жоғарғы бас қолбасшы.

Айхан ШӘРІП

http://www.aikyn.kz

Рубрика: