Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украина президенті Петр Порошенко ресейшіл сепаратистер Донецк облысында украин әскерилерінің тікұшағын атып түсіргеннен кейін «атысты тоқтату режимін жоюы мүмкін» екенін ескертті.

24 маусым күні Славянск қаласы маңында ресейшіл сепаратистер украин әскерилерінің МИ-8 тікұшағын атып түсіргені хабарланған. Тіұшақ бортында болған тоғыз адамның бәрі қаза тапқан. Антитеррористік операцияларды хабарлау тобының жетекшісі Владислав Селезневтің айтуынша, украиналық блокпостқа жүк жеткізіп қайтып бара жатқанда құлаған тікұшақта Украинаның шығысындағы шиеленісті реттеу бейбіт келісімінің бұзылмауын қадағалайтын құрылғыны орнатқан мамандар болған.

20 маусымда президент Порошенко қақтығыстарды тоқтату туралы бейбіт жоспарды іске асыру үшін бір аптаға атысты тоқтату режимін жариялаған еді. 23 маусымда сепаратистер атысты тоқтату режимін сақтауға келісетіндерін мәлімдеген болатын. Бірақ соңғы тәулікте бірнеше рет атыс болғаны туралы хабарланып жатыр. Ресми Киев Донецк облысында сепаратистер шекара пунктін бірнеше рет атқылады дейді. Ұрыста екі адам жараланған.

АҚШ вице-президенті Джо Байден 24 маусымда Петр Порошенкомен телефонмен сөйлесіп, тікұшақ апатынан әскерилердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Байден «шекара арқылы шетелден қару-жарақ пен қарулы адамдардың кіргізілуін тоқтату қажетін» де айтқан.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140625/330/330.html?id=25434120

Рубрика: