Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украина президенті Петр Порошенко елдің шығысында украин әскерилері ресейшіл сепаратистерге қарсы антитеррорлық операциялар жүргізіп жатқан облыстарда бейбіт тұрғындар құрбан болмас үшін босқындарға арналған «дәліз» ашуды тапсырды.

Украина президентінің сайтында жарияланған хабарламада Порошенконың үкіметке антитеррорлық операциялар жүргізіліп жатқан аймақтардан адамдарды әкету, оларға медициналық қызмет көрсету, тұрғындарды ауыз су, азық-түлікпен қамтамасыз ететін мобильді пунктер ашу жұмыстарын ұйымдастыруға тапсырма бергені айтылады.

Арнайы операция аймағынан Украинаның басқа облыстарына барған тұрғындарды орналастыру жергілікті әкімшіліктерге жүктелген.

Бұған дейін Порошенко елдің шығысындағы қақтығыстарды тоқтату қажеттігін мәлімдеген.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140610/330/330.html?id=25416541

Рубрика: