Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украина президенті Петр Порошенко Донецкіде соғысып жатқан, президенттің бітім жасасу жоспарын қолдайтын тараптардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Порошенко бұл жайында Донецк облыстық әкімшілігінің төрағасы Сергей Тарутомен кездесуі кезінде айтты.

УНИАН агенттігінің хабарлауынша, Украина президентінің бейбіт жоспарында Ресейдің Украинадағы президент сайлауын мойындауы, қақтығысты тоқтатып, бейбіт тұрғындарға арналған гуманитарлық «дәліз» ашу қарастырылған.

Порошенко ұсынған бейбіт жоспарда орыс тілін еркін қолдануға кепілдік беру және әскерилер мен бейбіт тұрғындардың өліміне қатысы жоқ сепаратистерге рақымшылық жасау да бар.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140612/330/330.html?id=25418901

Рубрика: