АЛТЫНОРДА
Новости

Польшаның «Ида» фильмі «Оскар» жүлдесін алды

Польшаның «Ида» фильмі АҚШ кино өнері академиясының бас жүлдесі — «Оскар» сыйлығын «шетел тіліндегі ең үздік фильм» номинациясы бойынша жеңіп алды.

Режиссер Павел Павликовски түсірген фильмде 1960 жылдары діни қызметке қабылданар алдында өзінің тегі еврей екенін білген Ида есімді қыздың оқиғасы суреттелген.

«Ида» — АҚШ-тың «Оскар» жүлдесін жеңіп алған алғашқы поляк фильмі болып отыр.

«Шетел тіліндегі ең үздік фильм» номинациясына үміткер картиналар арасында ресейлік «Левиафан» фильмі де болған. Бұл фильмде Ресейдегі билік пен коррупция, ешкіммен санаспайтын дөрекі билікке қарсы шыққан дәрменсіз адамның күресі бейнеленген.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26863569