Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Польша сыртқы істер министрі Гжегож Схетына Ресейді Украинадағы саясатын өзгертпесе санкциялар одан ары күшеюі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы министр 7 қазанда Польшаның «Полсат» телеарнасында айтқан.

Украинаның шығысында бітімнің бұзылуы батыс елдері дипломаттарының Мәскеуге қысым жасауын күшейте түскен. Батыс елдері Ресейді Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистерге әскери көмек беріп отыр деп айыптайды. Бірақ Мәскеу оны жоққа шығарады.

«Егер Ресей қазіргі саясатын өзгертпесе, санкциялар күшейеді және Ресей оның әсерін сезе түсетін болады» деген Схетына.

«Барлық Еуропа елдері Австралия, АҚШ және Канадамен бірге мұндай саясатқа жол бермейтінін мәлімдейді. Польша да бұған қосылады» деді ол.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141008/330/330.html?id=26626488

Рубрика: