Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 21 қараша. Baq.kz — Польша Қазақстанның темір жол саласына миллиард евро инвестициялауға мүдделі. Бұл туралы Pesa рельсті автобус шығару, нарықтардың маркетингтік қызмет компаниясының директоры Дариус Скотницки Астанадағы Қазақстан-Польша бизнес-форумында мәлімдеді, деп хабарлайды almaty.tv

«Біз Қазақстанды өз бизнесімізді тек осы елде ғана емес, Кедендік одақ елдерінде дамытуға мүмкіндік беретін ел ретінде қараймыз», — деді ол.

Польша компаниясының өкілі Қазақстанға инвестиция салу бойынша келіссөздер жүріп жатқандығын атап өтті.

«Инвестиция құны миллиард евроға жетуі мүмкін. Біздің білуімізше Қазақстан мен Астана өте қарқынды дамуда. Жедел трамвай, темір жолды дамыту, Алматыдағы трамвайды қалпына келтіру жобалары бар. Бүгінгі таңда польшалық жобаларды жүзеге асыру елдердің Үкіметі деңгейінде жүзеге асырылуда», — деді ол.

Өз кезегінде польша инвесторлары қазақстандық тараптың шетелдік инвесторларға ұсыныстарын назарда ұстап отыр.

«Инвестициялық тұрғыда Қазақстан біз үшін өте маңызды. Себебі біз 2,5 жыл бұрын Қазақстан үшін тұңғыш релсьті автобусты жеткізген едік. Қазір автобус Түркістан-Шымкент жолында жолаушы тасымалдауда», — деді ол.

http://baq.kz/kk/news/56535

Рубрика: