Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Арменияның Гюмри қаласында бір армян отбасының жеті адамын өлтірді деп айыпталған ресейлік сарбаз Валерий Пермяковтің психикалық жай-күйіне сараптама жасалатын болды.

Ол Гюмридегі Ресей әскери базасы аумағындағы стационарда тексеруден өтеді. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, медициналық тексеру екі апта көлемінде аяқталмақ.

Биыл қаңтардың 12-сі күні Гюмридегі Ресей әскери базасынан өз бетімен кетіп қалған Валерий Пермяковке сол қаладағы Аветисяндар отбасының жеті адамын бірдей өлтірген деген айып тағылған. Ол айыбын мойындаған.

Бұған дейін Пермяков армияға келмей тұрып психиатрдың есебінде тұрған және стационарда емделген деп хабарланған. Бірақ бұл хабар ресми түрде расталған жоқ.

Адвокатының сөзінше, Пермяковтан психикалық ауру белгілері байқалмаған.

Арменияда қаңтар айында мыңдаған адам наразылық танытып, Ресейден Пермяковты Арменияның құқық органдарына тапсыруды талап еткен.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150305/330/330.html?id=26883441

Рубрика: