АЛТЫНОРДА
Новости

Пекинде тұңғыш рет «Алшы» атты қазақ кино студиясы ашылды

Қазақтың кино өнерін өркендету мақсатында, қазақ елінің болашағы үшін бір кісідей ат салысып жүрген, өнерімен өзгелерді мойындатқан белігілі жас режиссер Қайсар Қабдолдаұлы Қытайдың Астанасында тұңғыш рет «Алшы» атты қазақ кино студиясының шымылдығын ашты.2013 жылы Наурызда бой көтерген бұл шағын кино студиясының мақсаты_қазақ киносының шет елдерге танылуына үлес қосу. Бұл игі істің қолдаушысы болган студия директоры Қ.Қабдолдаұлының айтуынша: «Алшы» деген атты «Қазақ киносының келешегі жаркын, әрдайым асыгы алшысынан түссін »- деген ниетпен колданылган екен.

Бала жасынан «Ер туады еңіреп, елі менен жері үшін»-дегенді жүрегіне ұялатқан азамат, қазақтың кино саласына азаматтық борышын өтеу үшін төрт жылдан астам уакыт қызымет атқарып келеді. Осы барыста ол өзінің таза қазақ тілімен түсірілген «Сауға» атты фильммен Пекинде студенттер кино фестивальның алтын медалін жеңіп алған. Сонымен қатар «Муңлы күн», «Қайран әке» т.б тәрбиелік мән-мағынасы терен, жастардын сана-сезімін ояту мақсатында түсірілген киноларыда бар. Қ.Қабдолдаұлы жекелік жарнама шығармаларынан тыс қытайдағы көптеген сериялдарымен, киноларында атқарушы режиссер болып жұмыс жасауда.

«Жақсы жігіт жаныңа жолдас, жаман жігіт малыңа жолдас». Бұл — Қайсардың ұстанымы. Оның айтуынша, басты міндет — пайда табу емес, қайта қазақ киносының мәртебесін көтерумен бірге қазақтың жогын жоқтау. Сонымен қатар, Қытайда техника жақсы дамыған. Осы қытайлық мықты режиссерлермен бірлесе отырып қазақ фильмдерін дүние жүзілік бағдарламаға салып, қазақтың байырғы батырлар жыры мен аңыз-ертегілерін, қазақ тарихынағы ірі тұлгаларды бүгінгі көрермендерге жаңа бағытта көрсету арқылы қазақ мәдениетін әлемге насихаттау. Сондай-ақ қазақтың келешек ұрпақтары үшін ұлттық бояуы қанық мультфильмдерін кескін тілмен халқаралық деңгейге көтеріп Қазақстанның кино саласына біраз үлес қосу. Және «Қазақ фильмның» түсірген киноларын қытай тіліне аударып, қытай еліне қазақтың озык жетістіктерін таныта білу.

«Алшы» киностудиясына бүгінде бірқатар қытайлық мамандар бас қосуда. Тәжірибелі топ жиналып, қазақтың құндылыгын дәріптейтін ұлттық үрдістегі жаңа туындыларды ойластыруда. Әзірге қазақ киностудияның қоржынында бірнеше жарнамалық жоба және шағын фильмдер бар. Болашақта көлемді көркем жобалар мен Қытайда қазақ киносының апталығын өткізіп, қытай тілінде қазақ фильмдерін түсірмек. Келесі жылы қазақтың бейзаттық мәдениеті «көш» туралы және «Алшы» қазақ кино студиясы жайында көркем фильмдер жоспарға қойылып отыр.

Бұлбұл Қабдолдақызы

http://ult.kz/kz/article/view?id=1246