Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 15 мамыр. Baq.kz – Ұлттық медициналық холдинг мамандары «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша «Болашақ госпиталі» жобасының іске асырылуы барысында Павлодар облысының барлық 700 мың тұрғынын тексеруге дайын. Игі бастама онкологияны ерте баста анықтау халықаралық жобасы аясында жүзеге аспақ. Мұны холдингтің Басқарма төрағасы Кеннет Әлібек хабарлап отыр.

Қазақстанда 2014-2016 жылдарға арналған «Кеселдік ісікті емдеу және ауруды ерте анықтаудың жаңа моделін енгізу мен құрастыру» халықаралық жобасы қолға алынған. Әзірге ол Ақмола, Батыс Қазақстан, мен Павлодар облыстарында іске асырылмақ. Осы өңірлерде қатерлі ісікке шалдыққандар саны басым. Бір ғана Павлодар облысында 2013 жылы ісік ауруы бойынша 100 мың адамға шаққанда 302,7 жағдай тіркеліпті. Ал, мына жоба арқылы мамандар обыр дертін ерте анықтауда халықаралық көрсеткішке қол жеткізбек.

Жалпы, елімізде соңғы үш жылда скринингтік тексеру жүйесі енгізілген. Бірақ, мұнда халық жас ерекшелігі бойынша обырдың кейбір түрлерінен тексеруден өтеді. Ал, жаңа жобада обыралды ауруларға бейім диспансерлік топтарға жататын тұрғындар тексеріледі. Өйткені, қазіргі таңда қатерлі ісік жасарып барады.

Адамдардың алдымен асқазан, ұйқы безі, бауыр, өңеш, өкпесі тексеріледі. АҚШ-тан келген дәрігер Лоретта Л.Ханвелдің айтуынша, ағзаның осы бөліктерінде диагноз қойылған соң бір жыл ішінде науқастардың өлімі жиі тіркеледі екен.
Айта кетелік, Павлодар облысында бүгінде барлық елдімекендегі тұрғындарды қамтуға бел буған дәрігерлер іске кіріссіп кеткен. 2015 жылы бұл өңірде жаңа окнологоялық диспансер бой көтереді. Бұл мақсатта мемлекет қазынасынан 7,2 млрд. теңге бөлінген.

 

http://baq.kz/kk/news/47203

Рубрика: