Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 13 ақпан. BAQ.KZ –Павлодарда арнаулы жұмыс киімін тігумен айналысатын «КазПрофБезопасность» компаниясы резеңке аяқ киім өндірісін жолға қойды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KazBIN.

«КазПрофБезопасность» ЖШС-нің менеджері Махаббат Әмірованың айтуынша, компания 2 айдан бері қысқа аяқ киім шығарып келеді, ал қазіргі уақытта өнімнің жаңа түрін игеруде.
«2012 жылғы қарашаның соңында біз кәсіпорындарға және тұрмыстық қолдануға арналған аяқ киім шығаратын цех аштық. Көктем ерте түседі және жауын-шашынды болады деген болжамға байланысты резеңке аяқ киім шығара бастаймыз. Павлодарлықтар енді біздің өнімді немесе шетелдік өнімді сатып алу таңдауын өздері жасайтын болады»,- дейді М. Әмірова.
«КазПрофБезопасность» ЖШС кәсіпорындарға, оның ішінде көмір, металлургия өнеркәсібі үшін арнаулы киім шығарумен айналысады. Ол аймақтың арнаулы киімге деген сұранасын 50 пайызға қамтып отыр. Оған қоса өнімнің өз құны ресейлік ұқсас тауармен салыстырғанда 2 есеге дерлік төмен.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша тігін фабрикасы соңғы екі жыл ішінде 20 млн. теңгеден астам қаражатты игеріп, қосымша ғимарат және істі дамытуға арналған жабдық сатып алды.

http://www.baq.kz/news/23190

Рубрика: